Балаларға «Спутник М» вакцинасы салынуы мүмкін

Балаларға «Спутник М» вакцинасы салынуы мүмкін
Cурет: dw.com

Вакцина ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі бойынша салынады

Н. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы, коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцинаға «Спутник М» деген атау беруі мүмкін. Бұл жерде «М» деген «кішкентайлар үшін» деген мағынаны білдіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Орталық директоры Александр Гинцбургтің айтуынша, екпенің «Спутник» атауы қала береді. Балаларға арналған вакцинаның атауына «М» әрпі қосылады.

Бұған дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрігіне Н.Гамалея эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми орталығы «Гам-КОВИД-Вак-М» жасөспірімдерге арналған вакцинаның құжатын тіркеуге жіберген болатын.

Вакцина тіркелген жағдайда жасөспірімдерге ерікті түрде жүргізіледі. Ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі бойынша екпе салынады.