Сарбаздардың несиесі 13 айға шегеріледі

Сарбаздардың несиесі 13 айға шегеріледі
Сурет: ашық дереккөз

Көктем келіп, әскерге шақырылым жүріп жатыр. Осы ретте елімізде әскер сапын толықтырған сарбаздарға қандай жеңілдіктер қарастырған? Аlmaty-akshamy.kz тілшісі шолу жасап көрді.

 Бүгінгі таңда ел азаматтарының басым көпшілігінде несие бар. Ал банк алдында берешегі бар жастар әскерге шақыртылған кезде әскери комиссариат арқылы оларға тиісті анықтама ұсынылады. Егер олар шақырту кезінде тиісті анықтаманы алмаса, онда әскери бөлімдегі командирі тиісті құжатты береді. Бұл анықтаманы несиесі бар сарбаздар банктер мен қаржы ұйымдарына тапсырады. Әскер қатарындағы сарбаздар тауыстарының атына сенімхат бере алады. Осылайша сарбаздың жақындары банкке тиісті өтінімді тапсырады. Нәтижесінде әскери қызметке шақырылған азаматтың несиесі болса, оны төлеу 13 айға кейінге ауысады.