Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер елден шығарылды

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер елден шығарылды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы жедел алдын алу іс-шаралары барысында көші-қон заңнамасын бұзған 18 Өзбекстан азаматы мен бір Тәжікстан азаматын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Біз 19 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырдық. Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылды. Олар “Жібек жолы” БӨП мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді. Еске салайық, Алматы полициясымен заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту деректерін анықтау мақсатында “Келімсек” және “Құқық тәртібі” іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі», – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері 6472 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1738-і шет мемлекеттердің азаматы. Әкімшілік жолмен 248 шетелдік елден шығарылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 365 шетел азаматы орналастырылды.