Садақ атудан Қазақстан командасы қандай лицензиялық турнирге қатысады?

Садақ атудан Қазақстан командасы қандай лицензиялық турнирге қатысады?
Сурет: Olympic.kz

Садақ атудан Қазақстан құрамасы жаңа маусымда бір лицензиялық турнирге қатысады.

Бұл туралы команданың бас бапкері Артем Кичкин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Бапкердің айтуынша, Париж Олимпиадасының жолдамасына Қазақстан әйелдер командасы таласып көреді. 

"Қысқы кезеңде жалпы дене жаттығуына көп көңіл бөлеміз. Қазіргі таңда бір ғана лицензиялық турнир қалды. Маусым айында Түркияның Анталья қаласында әлем кубогі кезеңі өтеді. Сол сында жеке және командалық сында Олимпиаданың соңғы жолдамалары үлестіріледі. Сол сынға қыздар командасы қатысып, соңғы мүмкіндікті пайдаланып көреді", - деді Кичкин. 

Айта кетелік, садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Париж жолдамасын иеленді. Қазіргі таңда олар Олимпиада ойындарына дайындықты жалғастыруда. 

"Желтоқсан мен қаңтар айларында жалпы дене жаттығуына көп көңіл бөлінеді. Ақпан мен наурыздан бастап жарыстарға дайындала бастаймыз", - деді бапкер.