Қазақстандық спортшы садақ атудан халықаралық дәрежедегі төреші атанды

Қазақстандық спортшы садақ атудан халықаралық дәрежедегі төреші атанды Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық Айя Айтбай садақ атудан халықаралық дәрежедегі төреші атанды.


Айя – бүгінде садақ атудан қалалық құраманың мүшесі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 


Айя Орталық Азиядан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі төреші атанды. Бұл атақты мерген қызға Францияда берген. Сосын былтыр Қытайда өткен жазғы Азия ойындарында төрелік етті. Дүбірлі жарыста Үндістан, Жапония, Малайзия, Қытайдан шыққан садақ атушыларға төреші болды.


Азия ойындарынан соң мерген қыз әлем чемпионатында төрелік етті. Енді 2026 жылы Африка құрлығында өтетін жасөспірімдер олимпиадасына жолдама алуды көздеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет