Роза Рымбаева 70 млн теңгесінен айырылды

Роза Рымбаева 70 млн теңгесінен айырылды
Сурет: Aikyn.kz

Белгілі әнші Роза Рымбаева алаяқтарға алданып қалды.

Эстрада жұлдызы Роза Рымбаева алаяқтардың арбауына түсіп қалып, 70 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prokadrykz-ке сілтеме жасап.

Сот кабинетінің мәліметі бойынша, іс бойынша алғашқы сот отырысы 2024 жылдың 9 қаңтарында өтті. Алаяқтық оқиғасы 2013 жылы басталған. Ол кезде белгісіз бір жұмыссыз С. Беккайров есімді азамат алдау арқылы танысынан үлкен соманы алған. Ол тіпті  Д. Тұрлыхановты жұмыс істемейтін инвестициялық жобаға 1 миллион 200 мың доллар инвестициялауға көндірген.

Ал 2017 жылы Беккайров таныстары арқылы әнші Роза Рымбаеваға шыққан. Ер адамға әртістің жылжымайтын мүлікті сататыны туралы ақпарат келеді. Беккайров онымен сатып алу-сату туралы келісім жасады, бірақ қалған сома әншіге кейінірек беріледі деп сендірді.

Кездесуде Беккайров Рымбаеваға 195 мың доллар табыс еткен. Ал қалған 69 миллион 427 мың 350 теңге оларға сол күйі төленбеген", - деп хабарлайды ведомство.

Келесі тыңдау қашан өтетіні белгісіз.