Ойыннан от шықты

Ойыннан от шықты
Сурет: Gov.kz

Балалардың отпен ойнап, өрттің шығуына себеп болған.

12 ақпанда сағат 18:24-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қонаев қаласында 4 қабатты көппәтерлі үйде пәтердің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Өрт орнына келгеннен кейін кір жуғыш машина мен ас үйдің қабырғасындағы түсқағаздың, сондай-ақ жатын бөлмедегі кереуеттің жалпы ауданы 3 шаршы метр аумақта жанғаны анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 18:35-те сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жедел жәрдем қызметкерлері 2019 және 2014 жылы туған екі баланы Қонаев қаласының ауруханасына жеткізді. Сондай-ақ, 19 адам, оның ішінде 8 бала өз бетінше эвакуацияланды.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, жедел медициналық жәрдем қызметінің 6 қызметкері және 2 бірлік техникасы, Полиция департентінің 7 қызметкері және 2 бірлік техникасы шықты.

Алматы облысының ТЖД тұрмыстық өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауларыңызды сұрайды. Өртті абайсыз пайдалану өртке әкелуі мүмкін.