Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Kapital.kz

"Қазгидромет" 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Елдің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс бөлігі антициклонның ықпалында болады. Ал республиканың батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы оңтүстік циклон жырасының ықпалы әсер етеді. Мұнда фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, батыста, орталықта тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстігінде, таулы аймақтарда найзағай күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының батысында, шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.

Түркістан облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады.

Түнде Атырау облысының шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с, күндіз шаңды дауыл болады. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, түнде және таңертең оңтүстік-батысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі, күндіз солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, күндіз оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-18 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді.