Цукерберг алты сағатта алты миллиард шығынға батты

Цукерберг алты сағатта алты миллиард шығынға батты
glas.ru

Facebook, Instagram және WhatsApp желілеріндегі 6 сағатқа созылған техникалық ақаудан кейін әлемде 3,5 млрд адам байланыссыз қалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Facebook  компаниясының басшысы қолданушылардың жеке бас мәліметтері қауіпсіз сақталғанын айтып, қалың бұқараны сабырға шақырды. Десе де, кей ақпарат көздері хакерлік сайттарда бұл мәліметтер сатылымға шыққанын хабарлайды.

Facebook-тегі ақаудан кейін америкалық алпауыт IT-компаниялардың акциялары құлдырады. Мәселен, Forbes-тың мәліметіне сәйкес, Марк Цукерберг бірнеше сағаттың ішінде 6 млрд доллар шығынға батқан.