Қазақстанда синтетикалық есірткі сақтағандарға жаза күшейді

Қазақстанда синтетикалық есірткі сақтағандарға жаза күшейді
24 kz

Қазақстанда синтетикалық есірткі сақтағандарға жаза күшейді. Қылмыскерлер бір грамм үшін бірден темір тордың арғы жағынан шығады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бұған дейін есірткінің қылмыстық мөлшері 3 грамнан басталатын. Оған қоса, тыйым салынған психотропты заттар мен есірткі саны ұлғайған. Себебі сананы улайтын есірткінің жаңа түріне әуес жастар көбейіп барады. Қазір интернеттегі көлеңкелі сауда қызып тұр.

Есірткі тасып, уәделі жерге жасырғаны үшін курьерлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған қоса мүлкі де тәркіленеді. Сол үшін өмір бойы қапасқа қамалғандар да бар. 

Жалпы, жыл басынан бері Қазақстанда синтетикалық есірткі өндіретін 11 жасырын зертхана анықталған. Мұндай зертханаларда түрлі формуланың көмегімен синтетикалық есірткінің баламасы әзірленеді.  Тәртіп сақшылары жаңа түрін анықтай сала, дереу оларды тыйым салынған есірткі мен психотропты заттардың тізіміне енгізеді. Бүгінде бұл тізімде 29 атауы бар.