Роналду футболдан кететін болды

Роналду футболдан кететін болды
Сурет: News.zerkalo.io

Португалия футбол құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

38 жастағы португалдық спортшы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының басшылығына өз шешімін хабардар етті.

«Криштиану Роналду Португалия құрамасының лагеріне барар алдында «Аль-Наср» басшылығына келісім-шартын 2027 жылдың басына дейін ұзартқысы келетінін айтты. Роналду 2026 жылы өтетін әлем чемпионатында «Аль-Наср» клубының футболшысы ретінде ойнауды, кейін футболдан кететінін жариялауды жоспарлап отыр», деп жазды журналист Әл-Хараби.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде – АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.