Робот-хирург миға күрделі операция жасады

Робот-хирург миға күрделі операция жасады
Сурет: видеодан алынды

Қарағандыда тұңғыш рет робот-хирург миға күрделі операция жасады.

Эпилепсияның қиын түрімен ауыратын науқасқа нейрохирургтар заманауи құрылғының көмегімен ем-шара көрсетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Әмбебап машина ми ісігін биопсиялау, мидың терең стимуляторын импланттау сынды бұрын-соңды сағаттап өтетін операцияларды тез әрі сапалы жасап шықты. Робот-хирургты тәжірибелік сынақтан өткізу үшін Қытай дәрігерлері көмек көрсетті. Келешекте еліміздің клиникаларына осындай заманауи қондырғылар алынатын болады.

Ғабит Махамбет,   Нейрохирургия және неврология орталығының жетекшісі:

Біз осы роботпен нейрохирургияда 10 ота өткіздік. Робот бізге өте жақсы көмектеседі. Оталарымыз тез өтті. 1 әрі кетсе 2 сағаттың ішінде. Мен ойлаймын келешегіміз осындай машиналарда болады.