Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматыда қойма өртеніп жатыр
Сурет: Алматы ТЖД

Жалынға оранған қойма қаланың Алатау ауданында орналасқан.

Тұрар Рысқұлов даңғылы мен Немирович-Данченко көшесінің қиылысындағы зат сақтайтын қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Алматының ТЖД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 тамыз күні сағат 09:39-да өрт сөндіру тобы Алатау ауданындағы өрт туралы хабарға шақыру бойынша Немирович-Данченко 21 мекенжайға барған. 

«Өрт сөндірушілер келген кезде ангар тәрізді қойма жанып жатты, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туды. Дереу өрт оқпандары енгізілді, гидранттарға автоцистерналар орнатылды. Өрт орнында штаб құрылды, шығыс және оңтүстік жақтардан екі әскери учаске жасақталды», - деп мәлімдеді ТЖД.