Алматы полицейлері мыңға жуық құқық бұзғандарды жауапқа тартты

Алматы полицейлері мыңға жуық құқық бұзғандарды жауапқа тартты
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы қоғамда “құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті” қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Мүлдем төзбеушілік – ұсақ тәртіп бұзушылық, тыныштықты бұзу және басқа да ұсақ құқықбұзушылықтарға теріс реакция. Әрбір адам азаматтардың құқығын құрметтеп, қоғамдық тыныштықты бұзбай, мәдениетін танытуы керек. Бүгінгі күні көшедегі қылмыстардың алдын алудың негізгі тұтқасы – әкімшілік құқықбұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу, сондай-ақ олардың жасалуына мүлдем төзбеушілік таныту. Бұл салаға ерекше мән берілуде, өйткені қоқыс шығару, жол қозғалысы ережелерін бұзу және басқа да заңсыз көріністер болсын, ұсақ құқықбұзушылықтар үшін жазаланбау азаматтардың болашақта аса ауыр әрекеттер немесе қылмыстар жасауының алғышарттарына әкеледі», – деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сондай-ақ ұсақ құқықбұзушылықтардың жолын кесуде қаладағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйіне бейжай қарамайтын азаматтық қоғамдастыққа ерекше рөл жүктелгенін айта кеткен жөн

«Белсенділер, әдетте, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы өздеріне белгілі деректерді хабарлайды. Осыған байланысты біз жоғарыда аталған ресурстарға кеңінен мониторинг жүргіземіз. Тек соңғы тәулік ішінде біздің бөлімшенің қызметтері құқықбұзушылыққа шыдамсыздық қағидатын іске асыру аясында 979 мыңнан астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әкімшілік айыппұл сомасы 5 млн теңгеден астам соманы құрады. Айтпақшы, олардың арасында, жалпы аумақтарды ластайтындар да бар. Қаланы абаттандыру бойынша қолданыстағы ережелер мен әкімшілік заңнама нормаларына қарамастан, қаламыздың кейбір тұрғындары мен қонақтары көшеге қоқыс тастауды, тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жалғастырып келеді», – деді Ержан Ұзабаев.