Ревакцинацияны жиі алудың қаупі қандай?

Ревакцинацияны жиі алудың қаупі қандай?

Вирусолог вакциналар арасындағы уақыт аралығын сақтауға кеңес береді

«Спутник V» немесе «Спутник Лайт» алғаннан кейін шетелдік вакцинаны тек 3-4 айдан кейін ғана алуға болады. Вакцинаны тым жиі алу ер адамдарда миокардиттің даму қаупін арттыруы мүмкін екенін РАН академигі, вирусолог Виталий Зверев айтты. Бұл туралы ол «Известия» басылымына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мұндай жағымсыз салдар ғалымдар ұстануға кеңес берген аралық сақталмаған кезде болуы мүмкін екенін назарға алу керек. Біздің вакциналар үшін, оның ішінде «Спутник» үшін, бұл мерзім – жарты жыл. Жалпы, қауіпсіз ревакцинацияны 3-4 айдан кейін алуға болады, бірақ одан ерте алған дұрыс емес», - деп атап өтті ол.

Ол шетелдік мамандардың зерттеулерін мысалға келтірді. Олар  «шетелдік аппараттармен жиі вакциналанудың қауіпті екенін ескертеді, себебі оның салдарынан миокардит пайда болуы мүмкін», - деп келтірілген Израиль статистикасының мысалында.

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінде вакцинаның үшінші дозасын алғаннан кейін миокардиттің пайда болу қаупінің жоғары екенін нақтылады. Сонымен бірге елдің дәрігерлері төрт айдан кем болмайтындай мерзімнен кейін бустер жасауға шақырады. Мұндай кеңесті ДДСҰ да ұсынған болатын.