Курчатовқа ғылым қаласы мәртебесі берілуі мүмкін

Курчатовқа ғылым қаласы мәртебесі берілуі мүмкін
Сурет: Forbes

Бұл Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаевтың ұсынысы болған.

Нұрлан Уранхаев Курчатов қаласының мәртебесі туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен Курчатов қаласына ғылыми қала мәртебесін беру қажеттілігін атап өттім. Бұл ұсынысты мен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездесуде айттым және қолдау алдым. Қолда бар ғылыми-техникалық база мен адами ресурстар, тәжірибе мен жолға қойылған халықаралық ынтымақтастық отандық ғылымды нығайтуда негіз қалаушы фактор болуы тиіс деп санаймын», - деді Нұрлан Ұранхаев қала тұрғындарымен кездесу барысында.

Сонымен қатар, облыс әкімі Курчатовта жоғары оқу орындарының бірінің филиалын ашу қажет деп есептейді.

«Егер Қазақстанда электр станциясының құрылысы басталса, тиісті кадрлар қажет болады және оларды бір жерде дайындау керек. Біздің ұсынысымыз – дәл Курчатовта дайындау. Мұнда тиісті база бар және студенттер практикадан өте алады», - деп атап өтті Н. Уранхаев.