Республикалық маңызы бар жолды су басты

Республикалық маңызы бар жолды су басты
Сурет видеодан алынды

Шығыс Қазақстан, Абай облыстарындағы республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» тасжолын су басты, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.

26 наурызда сағат 12:00 шамасында «Қалбатау-Майқапшағай» тасжолының 1 113-шақырымында қар еріп, айналма жолда су тасқыны болды. Тасқын судың ауданы – 300 метр, ал биіктігі – 5-10 см. Аталған учаскеде су құбыры бар.

Су басқан учаскеде қосымша металл құбырлар орнатылып жатыр. Тасқын салдарын жою үшін 10 жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылған.

Аталған учаскеде көпірдің салынуына байланысты негізгі жолда қозғалыс тоқтатылды.