Өткен тәулікте коронавирус пневмониясына 44 адам шалдықты

Өткен тәулікте коронавирус пневмониясына 44 адам шалдықты
Сурет: Stemcellclinic.com

Бір қуантарлық жайт, кеше коронавирус инфекциясынан өлім жағдайы тіркелмеді. Оған қоса 24 адам емделіп шықты.

Сoronavirus2020.kz 2022 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

2020 жылғы 13 наурыздан бері барлық ауырғандар саны - 88370, сонымен қатар 5347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 81972 адамға жетті.