«Кибер Тұмар» қорғамай ма?

«Кибер Тұмар» қорғамай ма?
Сурет: интернеттен

Күн сайын балалардың 15%-ы кибербуллингке ұшырайды.

Аталған бағдарлама цифрлық кеңістікте кездесетін қатерлермен күресу  үшін іске қосылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ЮНИСЕФ жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша, елдегі балалардың 15 проценті күн сайын ғаламтордағы "жағымсыз" контенттің куәгері болып жатады.

Мамандардың айтуынша, кибербуллинг әлеуметтік желілерде кездеседі. Бұл ретте жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі.

"Қазір қазақстандық балалар интернетті белсенді қолданып жүр. Осыдан 3-4 жыл бұрын мұндай тенденция байқалмайтын. Қазір тіпті бесіктен белі шықпаған баланың ғаламторға, жалпы желіге кедергісіз қосылуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте, киберқауіпсіздік мәселесіне қатысты жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі", деді UNICEF Kazakhstan-ның қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Эльвира Яушева.