Түркияда өтетін Grand Slam турниріне ел құрамасынан кімдер барады?

Түркияда өтетін Grand Slam турниріне ел құрамасынан кімдер барады?
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Түркиядағы турнирге қазақстандық 20 дзюдошы (9 ер, 11 әйел) аттанбақ.

Дзюдодан Қазақстан құрамасы 29-31 наурызда Антальяда (Түркия) өтетін Grand Slam жарысына толық құрамда қатысады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ерлер:

Нұрқанат Серікбаев - 60 келі;

Ғұсман Қырғызбаев - 66 келі; 

Данияр Шамшаев - 73 келі;

Абылайхан Жұбаназар - 81 келі;

Ермахан Әнуарбеков - 90 келі; 

Нұрлыхан Шархан, Әділет Сапарғалиев - 100 келі,

 +100 келі салмақта:

Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев.

Әйелдер: 

Әбиба Әбужақынова, Диана Буркеева - 48 келі, 

Толғанай Әбеуова - 52 келі;

Бақыт Құсақбаева - 57 келі;

Самалай Ерғалиева, Гүлнұр Баханова - 63 келі;

Екатерина Токарева - 70 келі;

Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина - 78 келі;

+78 келі: Ақерке Рамазанова, Мадина Парагульгова.