Қалада Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады

Қалада Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады
Сурет: Egemen.kz

2022 жылғы 12-15 шілде аралығында Алматы қаласының Медеу ауданында Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады.

«Алматы жылу желілері» ЖШС-де аталған көшелердің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

«Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.