Қаламызда 128 мың бейнебақылау камерасы іске қосылған

Қаламызда 128 мың бейнебақылау камерасы іске қосылған
Сурет: Polisia.kz

Полицейлер камера қылмыстың азаюына себеп болды деп отыр.

Алматыда 128 мың бейнебақылау камерасы іске қосылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясының мәліметінше, қалада 128 186 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша көп қабатты үйлерде 4 251 бейнекамера; адам көп шоғырланатын орындарды бейнебақылау жүйесі жобасы аясында 1 103 бейнекамера; көшелердің желілік учаскелерінде, кіреберіс және шығу, сондай-ақ, көше қиылысында 5 892 бейнекамера, оның ішінде 5 034 камерадан тұратын 776 «Сергек» ҚХА бекеті бар. Олардың көмегімен 2022 жылдың 6 айында 364 988 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді. Білім беру нысандарында 11 979 бейнекамера, мектепке дейінгі мекемелерде 6 132; денсаулық сақтау нысандарында 3 008 камера; спорт нысандарында 1 932 камера; қоғамдық орындарда 1 322 бейнекамера; әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде 98 355 камера; қоғамдық көлікте 1 437 бейнекамера және т.б. жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, ПД-де бейнебақылау жүйелерімен жұмыс істеудің оң әсері бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде қалта ұрлығының тіркелуінің төмендеуіне де әсер еткенін атап өтті.