Рыбакина Уимблдондағы жеңісіне қарамастан, WTA рейтингінде 23-орында қалды

Рыбакина Уимблдондағы жеңісіне қарамастан, WTA рейтингінде 23-орында қалды

Рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Демалыс күндері Уимблдон финалында сенсациялық жеңіске жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 23-орында қалды. Себебі соңғы Уимблдон турнирінде Ресей мен Беларусь теннисшілерінің жарыстан шеттетілуіне байланысты рейтингтік ұпайлар сарапқа салынбаған болатын. 

Еске салсақ, шешуші кездесуде Рыбакина Тунис спортшысы Онс Жаберден айласын асырып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет Үлкен дулыға турнирінің чемпионы атанды. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Юлия Путинцева рейтингте 32-орынға тұрақтады. 

Үздік үштікте Ига Свентек (Польша), Анетт Контавейт (Эстония) екінші, Мария Саккари (Грекия) үшінші орында. 

Жұптық сында бельгиялық Элиза Мертенс көш бастап тұрса, қытайлық Чжань Шуай мен чех теннисшісі Катерина Синякова үздік үштікке енді. Қазақстандық Анна Данилина өзінің жеке рекордын тағы да жаңартып, 19-шы болды. Рыбакина - 63-ші (+2).