Ресейдің кей аймақтарында демалыс күндері ұзартылды

Ресейдің кей аймақтарында демалыс күндері ұзартылды
Сурет: Gazeta.ru

Ел президенті Владимир Путин жариялаған демалыс күндері елде қарашаның 8-іне қараған түні аяқталды.

Ресей Федерациясының алты аймағының билігі коронавирустық пандемияға байланысты жұмыс істемейтін күндерді ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Брянск, Томск, Смоленск, Курск, Челябі, Новгород облыстарында демалыс күндері тағы бірнеше күнге созылады.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, аталған аймақтардағы демалыс күндері тағы бірнеше күнге созылады, бірақ бір аптадан аспайды. Ресей Федерациясының осы өңірлерінің әкімшілігі мұндай қадам адамдар арасындағы қарым-қатынастың азаюына байланысты медициналық мекемелердің жүктемені және коронавирусты жұқтырғандар санын азайтуға көмектеседі деп отыр.

Ресей президенті Владимир Путин жариялаған жұмыссыз күндер елде қарашаның 8-іне қараған түні аяқталды. Бірақ демалысты ұзарту туралы шешім қабылдау құқығы әр облыстың өзіне берілген.

Мәскеу мен Мәскеу облысы коронавирустық пандемияға байланысты жағдай тұрақтанды деп есептейді. Дегенмен, ел астанасында бірқатар шектеулер жалғасады. Атап айтқанда, үй режимін сақтайтын азаматтардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен және тегін жүруі тоқтатылады. Бұл топқа созылмалы ауруы бар азаматтар, 60 жастан асқан мәскеуліктер, сондай-ақ екпе алмаған және соңғы алты айда COVID-19 жұқтырмағандар жатады. Сонымен қатар, театрлар мен мұражайларға тек QR кодын көрсеткендер ғана кіре алады.

Ресейде соңғы тәулікте коронавирус  жұқтырған 39 165  адам анықталды. Өткен тәулікте 1179 адам індеттен қайтыс болған.