Утиль алымын ескі ставкамен төлесеңіз, «Жасыл даму» үстіндегі ақшаны қайтарып береді

Утиль алымын ескі ставкамен төлесеңіз, «Жасыл даму» үстіндегі ақшаны қайтарып береді
Сурет: Inbusiness.kz

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату алымының жаңа ставкасы бойынша «Жасыл даму» АҚ-мен консультация өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Министрдің міндетін атқарушы 29 сәуірде арнайы бұйрық шығарып, кәдеге жарату төлемінің ставкасын 50%-ға төмендеткен болатын. 

Бұл бұйрық биылғы 14 мамырдан бастап күшіне енді.

«14 мамырдан кейін бұрынғы мөлшерлеме бойынша утильалым төлеген жағдайда «Жасыл даму» АҚ қайта есептеу жүргізеді және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес артық төленген соманы қайтарады. Дәйексіз ақпаратқа сенбей, күмәнді хаттарға жауап бермеуіңізді, тек ресми дереккөз ақпаратына назар аударуыңызды сұраймыз» деп мәлім етті министрлік.