Ресейде коронавирус күшейді

Ресейде коронавирус күшейді
Сурет: Russian.rt.com

Ресейде бір тәулікте 3,5 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталған.

38 өңірде карантиндік шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Вирус жұқтырғандарға арналған ауруханаларда орын жоқ. Мәскеу, Санкт-Петербург қалаласында қоғамдық орындарда маска тағу міндеттеліп, компаниялар қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Мамандар коронавируспен бірге шошқа тұмауы да кең таралып жатқанын айтады.

 «Коронавирусқа қарсы вакцина салдырдым. Сондықтан ешқандай белгілері болмады. Қазір маска тағып, аурудың алдын алу үшін әрекет етіп жатырмыз. Бірақ айналамдағы адамдардың бәрі, достарым, жақындарым ауырып жатыр. Өте қорқынышты», - дейді қала тұрғыны Александра Иванова.