Алматы өзендерінде сең жүруі мүмкін

Алматы өзендерінде сең жүруі мүмкін
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Алматыда қабыршақ мұздың жүруі қаупі сақталады.

Қалалық ТЖД мәліметінше, Алматыда ауа райының өзгеруіне байланысты өзендерде сең жүруі мүмкін (өзен, су арналары бетіндегі мұздың көтеріліп жүруі, зажор және т.б.).

Бұл құбылыс ұзақ аяз және ауа райының бірден жылуына байланысты сеңнің, қабыршақ мұздың жүруіне әкелуі мүмкін (мұзды сел), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Осыған орай «Қазселденқорғау» ММ және Алматы қалалық ТЖД мамандары ескерту жасады.

«Таяу күндері қабыршақ мұздың жүру қаупі сақталады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына (Қарғалы, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы ) өзендерінің су арналарының жанында серуендеп жүрмеу қажет. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, өзен арнасының жайылмасында, жақын жерде автокөліктерді қоймаңыз»,- деп ескертті ведомство өкілдері.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Алматыда ауа температурасының ауытқуына байланысты мұз көшіп, Есентай өзенінің жағалауындағы қоршауды бұзып кеткен болатын.