Ректор болу үшін 47 000 доллар пара беруге оқталған әйел сотталды

Ректор болу үшін 47 000 доллар пара беруге оқталған әйел сотталды
Сурет: Ашық дереккөзі

Астана медицина университетінің экс-проректоры жемқор болғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М.Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жеке компаниялардың басшысы Э.Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М.Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

"Сот Гриценконы 3 жылға, делдал Қапаровты 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", – делінген ресми хабарламада.