Референдум – тарихи маңызды саяси оқиға - Георгий Кан

Референдум – тарихи маңызды саяси оқиға - Георгий Кан
Cурет: Vecher.kz

Конституциялық реформа алғаш рет халықтың тікелей дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады

Қазақстан корейлері қауымдастығы төрағасының орынбасары Георгий Кан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Vecher.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл жолғы сессиясы өте нәтижелі және үмітке толы болды. Екі күн ішінде біз маңызды мәселелерді талқылап, проблемаларды көтеріп, шешу жолдарын ұсынып үлгердік. Бұл сессия алдындағы талқылаулардың бірінші күні болды. Мені және әріптестерімді Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының белсенділігі қатты қуантты. Әрине, барлығы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін ерекше ықыласпен күтті. Оның сөзі менің көптеген әріптестерімді шабыттандырды, сессиядан кейін олармен өз әсерімізбен  алмастық»,-деді Георгий Кан.