Еуропада қай қалаларда арзанға демалуға болады?

Еуропада қай қалаларда арзанға демалуға болады?
Сурет: Planettravel24.com

Афины - Еуропадағы ең арзан демалыс қаласы.

Туристер жиі баратын қалалардағы бағаны Korrespondent.net сарапшылары зерттеп, демалу үшін ең арзан орынды атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Афиныдағы бағалар 2021 жылмен салыстырғанда 15 пайызға төмендеген. Мұны Post Office Travel Money жүргізген талдау көрсетті.

Ерлі-зайыптылар үшін екі түнге қонақүйде тұру, тамақтану, аттракциондардың билеттері және жергілікті көлікте жол жүру ақысын қоса алғанда, шығындар 207 фунт стерлингті (112 469 теңге) құрады.

Лиссабон тізімде екінші орында. Онда мұндай шығындар 218 фунт стерлинг (118 445 теңге) болды.

Бір қызығы, мұндай рейтингтерде Польшаның Краков, Латвияның Рига және Венгрияның Будапешт қалалары көшбасшы болды. Бірақ бұл жолы Афины мен Лиссабонның арзанырақ екені анықталды.

"Афины мен Лиссабон екі есе арзан және күздің шуақты климатын, сондай-ақ төмен бағаны ұсынады. Біз демалушыларға броньдау алдында бағаны тексеріп алуға кеңес береміз", - деп атап өтті сарапшылар.