Сенатор Булавкина Референдумға қатысты ойын айтты

Сенатор Булавкина Референдумға қатысты ойын айтты
Cурет: Ашық дереккөз

Қазіргі Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар күрделі саяси қайта құруды талап етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде елдегі демократиялық принциптерді дамытудың одан арғы жолдарының маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Vecher.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, елде болып жатқан реформалар күрделі саяси қайта құруды талап етеді.

«Қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты айқындайтын еліміздің Конституциясы – Тәуелсіздіктің кепілі, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, бірліктің, тұрақтылық пен берекенің, елдің сенімді дамуының кепілі. Мемлекеттік институттарды қалыптастыру мен өзара іс-қимыл жасаудың жаңа моделі, Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейтуді және азаматтардың елдегі саяси өмірге белсене қатысуын көздейді»,- деді сенатор.