Рахман Алшанов: Үкіметтегі құрметті әрі жауапты орындарда күндіз-түні тынымсыз жұмыс істеуге дайын адамдар отыруы тиіс

Рахман Алшанов: Үкіметтегі құрметті әрі жауапты орындарда күндіз-түні тынымсыз жұмыс істеуге дайын адамдар отыруы тиіс
Сурет: Almaty-akshamy

Үкіметтегі кадр саясаты Президенттің құзырында.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күзге қарай Үкіметте кадрлық шешімдер болуы мүмкін екенін айтты. Бұл жайында мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан болатын. Танымал қазақстандық экономист, әрі «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов Үкіметтегі кадр саясаты Президенттің құзырында екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сарапшының пікірінше, үкіметте еңбекқор адамдар отыруы тиіс.

«Үкіметтегі кадр саясаты Президенттің құзырындағы дүние. Ол кадрлық шешімдер күзде қабылдануы мүмкін екенін айтты. Үкімет мүшелерінің құрметті  әрі  жауапты қызметтерінде күндіз-түні тынымсыз жұмыс істейтін азаматтар жүруі тиіс, деп есептеймін. Еуропа астаналарында «министрлік туризммен» айналыспай, аймақтарды аралап, халықтың тыныс-тіршілігімен  танысып, халық пен бизнесті қолдау үшін не істеу керектігін анықтауы тиіс», - дейді Рахман Алшанов.