Абай күніне орай Семейде Жерлестер форумы өтеді

Абай күніне орай Семейде Жерлестер форумы өтеді
Сурет: Vlast.kz

Семей қаласында Абай күніне орай Жерлестер форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Өңір әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жергілікті кәсіпкерлер қауымымен кездесті. Ол өз сөзінде Семейден шыққан кәсіпкерлермен тұрақты түрде кездесіп тұру идеясын жеткізді.

«10 тамызда Абайдың туған күнін атап өтеміз. Бұл ұлы ақынның атымен аталатын облыстың құрылғаннан кейін хакімге көрсететін алғашқы құрметі болмақ. Сондықтан бұл мереке есте қаларлықтай өткенін қалаймыз. Осы ретте, Семей өңірінің тумаларының басы қосылатын Жерлестер форумын өткізуді ұсынамыз», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Аймақ басшысы онда түрлі салада жетістіктерге жеткен, туған қаласына деген сүйіспеншілігі мен жаңа өңірдің дамуына атсалысуға ниеті бар ірі бизнес өкілдері шақырылатынын атап өтті. Қазіргі уақытта кездесуге қатысушылардың тізімі жасалып жатыр. Кәсіпкерлер шақырылатын адамдарды өздері ұсынып, алдағы форумды ұйымдастыруға белсене қатыса алады.