Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов жұмыстан кетті

Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов жұмыстан кетті Сурет: Kursiv.media

Ол 10 жыл бойы Алматы әкімдігінде үздіксіз жұмыс істеген.


 Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бүгін - менің Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымындағы соңғы күнім. 10 жыл бойы Оңтүстік астана әкімдігінде үздіксіз жұмыс істедім. Бұл уақыт ішінде біз сіздермен бірге қаламыздың игілігі үшін көп нәрсе жасай алдық. Қолдау мен кері байланыс үшін әрқайсыңызға рахмет! Сындарлы сын мен керемет қаланы құру жөніндегі бағытты қолдаудың арқасында Алматы түбегейлі өзгерді. Бұл алматылықтардың қаланың нағыз иелері және ол үшін шын жүректен қуанатынын білдіреді», - деп жазды Мақсат Қиқымов.



Ол сондай-ақ қаланың экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевқа пен әріптестеріне, қоғамдық ұйым өкілдеріне алғысын жеткізді.



«Бақытжан Сағынтаевқа, барлық әріптестеріме, әкімдік қызметкерлеріне, мәслихат депутаттарына, қоғамдық кеңеске, қоғамдық ұйымдарға, коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге алғысымды білдіремін. Біз бірге барлық өзекті мәселелердің түбіне жетуге және оларды ортақ күш-жігермен шешуге тырыстық. Сіздерге қала тағдырына бейжай қарамағандарыңыз үшін және қызықты да ұмытылмас 10 жыл үшін рахмет», - деді ол.



Сонымен қатар, Мақсат Қиқымов Алматы қаласы өзінің туып-өскен, оқыған, үйленген, әке атанған қала екеніне тоқталды.



«Мен мұнда өмірге келдім, оқыдым, үйлендім және үш баланың әкесі атандым. Қаламызды шын жүректен жақсы көремін. Ол мен үшін ерекше қала, мұнда жарқын, серпінді, жаңа реалийларға тез бейімделетін өзіндік өмір ырғағы бар», - деп жазды ол.



Еске салсақ, Мақсат Қиқымов 2020 жылдың ақпан айында Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.














Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от @kikimov_maksat






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52