Алматының полиция қызметкерлері бірыңғай сап түзеді

Алматының полиция қызметкерлері бірыңғай сап түзеді
Сурет: Polisia.kz

Қалада полиция қызметкерлері бірыңғай сап түзеп жүріп өтті.

Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың қатысуымен ПД Автошаруашылығында патрульдік полиция полкі мен ЖҚАЖ жеке құрамы бірыңғай сап түзеп жүріп өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Патрульдік полиция – қаладағы тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі бөлімшелердің бірі. Қылмыстардың көбін “ізін суытпай” тәулік бойы жұмыс істейтін осы қызметтің қызметкерлері ашады. Саптық байқау барысында қызметкерлердің киімдерін, көліктердің жағдайын, сондай-ақ қаладағы құқық қорғау қызметінің сапасына әсер ететін техникалық құралдарды тексердім. Сонымен қатар, инспекторларға сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қатысты ымырасыз ұстанымдарын еске салу өте маңызды болды. Біз олардан азаматтардың қауіпсіздігі мен игілігі үшін адал және риясыз еңбек етуді талап етеміз. Мемлекет мінсіз жұмыс істеуге барлық жағдайды жасап отыр: бүгінде патрульдік полиция мен ЖҚАЖ – жақсы материалдық-техникалық жарақтандырылған қызметтер. Бұл олардың оқиғалардан хабардар болып, қылмысқа қарсы тұруына мүмкіндік береді", – деді Арыстанғани Заппаров.

Бірыңғай сап түзеу кезінде қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғауға күнделікті араласатын патрульдік полиция бөлімшелері мен ЖҚАЖ қызметкерлері кезекшілік күніндегі соңғы ақпаратты естіді.

"Қаладағы тәртіп пен азаматтардың амандығы полицияның қалай жұмыс істейтініне байланысты. Қазір біз қызмет көрсету үлгісіне қайта бағдарландық және бұл дұрыс. Полиция қызметкерлерінің азаматтармен тығыз байланыста болуы өте маңызды, учаскелік қызметкерлер өз аймағындағы әрбір тұрғынды біліп, оларды ең көп мазалаған нәрсеге қызығушылық танытуы керек. Мұндай қызмет көрсету форматы қазірдің өзінде оң нәтижесін беруде", – деді Арыстанғани Заппаров.