Бүгін - Рәміздер күні

Бүгін - Рәміздер күні
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тәуелсіз Қазақстанның нышандары - Ту, Елтаңба және Әнұран. Қазақ елінің бұл нышандары – мемлекетіміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы. Әрі еліміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстан да өз егемендігін жариялаған кезде оны ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.