Сегіз көшбасшы анықталды

Сегіз көшбасшы анықталды

"Жас Қанат - 2023" финалистері анықталды! 2 маусымда, Республика сарайының сахнасында көрермендер жартылай финалды тамашалады. Конкурсанттар өздерінің вокалдық өнерлерін оркестр сүйемелдеуінен көрсетті. Көрнекті дирижер Александр Беляков басқаратын AlJazz эстрадалық және симфониялық оркестрі жас орындаушыларға таптврмас қолдау еді. Осындай тамаша сүйемелдеудің және байқауға қатысушылар таңдаған репертуардың арқасында байқаудың екінші күні қазақстандық және әлемдік хиттердің концертіне айналды! Біз Уитни Хьюстонның, Кристина Агилераның және тіпті QUEEN репертуарын жаңа форматта естідік. Көрерменнің эмоционалды қолдауына ие болған тамаша қойылым қазылар алқасының да көңілінее шығып, жоғары баға алды. Ал екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша сегіз көшбасшы анықталды. Бұрын ойлағандай жеті емес, сегіз еді. Өйткені екі қатысушы бірдей ұпай жинады. Олар алтын, күміс, қола қанатты және Гран-приді сарапқа салады. Сонымен, орындар келесідей бөлініп отыр:

1. Нарғыз Жанұзақова, Ақтөбе, 219 ұпай

2. Алмагүл Батталиева, Алматы, 218 ұпай

3. Ерназар Жұбан, Атырау, 215 ұпай

4. Аружан Бисембай, Орал, 206 ұпай

5. Нариман Жолдасбеков, Петропавл, 205 балл

6. Беназир Әлімхожаева, Алматы және Мадина Қабдолла, Павлодар, 198 ұпай

7. Нұрасыл Сатыбалды, Шымкент, 190 ұпай

«Жас Қанат 2023» финалды күнінде финалға шыққандарды ғана емес, барлық қатысушыларды да тыңдайтын боламыз. Олар белгілі композитор, дирижер, аранжировкашы Илья Башқатов жетекшілік ететін ұжымның сүйемелдеуімен өнер көрсетеді. Бұл байқауға қатысушылар үшін тағы бір ерекше тәжірибе.

– Мен осы өнерлі жастарды көріп, естіп, Отанымыз үшін қуандым. Еліміз - таланттар ошағы! – дейді, байқаудың қазылар алқасының мүшесі, опера әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішев.

"Таланттарға бай өлкеміз. Жас қанат дер кезінде қайта жаңғырды! Өнердегі жолы баянды болсын! Жас Қанат өркендеп, келесі 30 жылдық мерейтойлық байқауда кездесейік!".

Кеште тағы бір маңызды оқиға болды. Бас продюсер, «Жас Қанат» қазылар алқасының төрағасы Арманжан Байтасов 2 шілде күні алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарын «Азия дауысы» пикнигіге шақырды! Бұл шара шілденің 28-і мен 30-ы аралығында «Медеу» мұз айдынында өтетін «Азия дауысы» фестивалінің атмосферасына кіріспе болмақ. «Азия дауысының» арқасында Қазақстан бүкіл музыка әлеміне танымал болды. Әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың, көптеген талантты музыканттар мен орындаушылардың дүниеге келуіне себеп болды. Фестиваль бірнеше ұрпақтың кумирлері мен түрлі жанрдағы музыка әуесқойларын бір алаңға жинады. Шын мәнінде, бұл осы жаздың ең салтанатты алаңында өтетін қайта жаңғырған «Азия дауысы» фестивалінің тұсаукесері болмақ.

Ал біз, баршаңызды сағат 15.00-де «Жас қанат» байқауының финалында күтеміз. Одан кейін марапаттау рәсімі өтеді. Артынан, 19:00-де аккредиттелген БАҚ өкілдерін қатысушылармен және ұйымдастырушылармен бейресми жағдайда сөйлесуге болатын Afterparty-ге шақырамыз. Мекен-жайы: MediaCafe, Қашқар көшесі 69\102


Бас демеуші: «ASTANA MOTORS» ҚМК «CHERY» сауда белгісімен

Ресми телеарна - Almaty.tv

Ресми газеттер: «Almaty aqshamy және «Вечерний Алматы».

Ақпараттық қолдау: 1-канал Евразия, НТК, Хабар, MUZZONE TV, Business FM, RadioCity, Business Kazakhstan, Қала мен Дала, Kursiv, Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Nege.kz, Arbat.media, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, DALA INSIDE және Қазақстан баспасөз клубы.