QazVac Қырғызстанда тіркелді

QazVac Қырғызстанда тіркелді
Сурет: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналы

Қырғызстан Республикасы QazVac коронавирустық инфекцияға қарсы қазақстандық вакцинаны тіркеген алғашқы шет мемлекет болды. 

2021 жылғы 18 тамызда Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы дәрілік заттар және медициналық бұйымдар департаменті QazVac (QazCovid-in) вакцинасын мемлекеттік тіркеу туралы тіркеу куәлігін берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, тіркеудің қолданылу мерзімі 2022 жылғы 18 ақпанға дейін белгіленген.