Шаруалар ауыл шаруашылығы техникасына 7%-жеңілдетілген несие беруді ұсынды

Шаруалар ауыл шаруашылығы техникасына 7%-жеңілдетілген несие беруді ұсынды
Сурет: Тotal.kz

Фермерлер Үкіметке хат жолдады. 

Олардың пікірінше, бүгінде барын сақтап қана қоймай, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жабдықтау үшін жаңа жағдайлар жасау қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан Фермерлер қауымдастығының бастауымен еліміздің диқандары мен машина жасаушыларының республикалық кеңесі өтті. 

Жиында отандық ауыл шаруашылығы техникасы паркінің ағымдағы жай-күйін және оның нақты мүмкіндіктерін талқыланып, Үкіметке хат жолдады. 

Кеңесте көп айтылған мәселе - тракторлар мен комбайндар паркін жаңарту бойынша лизингтік бағдарламалар белсенділігінің төмендеуі болды.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың басында еліміздегі ауылшаруашылығы техникасының паркінде 147,7 мың трактор, 38,1 мың трактор бар. Олардың 80% тозған. Сондықтан, шұғыл жаңарту шараларын қолға алу керек.

«2022 жылғы егін жинау науқанына уақтылы дайындалу, сондай-ақ процесті бюрократиясыздандыру мақсатында, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингті несиелендірудің бағдарламасын іске қосуды ұсынамыз», - делінген Үкіметке жолданған үндеухатта.