«Путинді жақсы көремін...»

«Путинді жақсы көремін...»
Сурет: скриншот

Желіде Ақтөбелік тұрғынның Ресей Федерациясына қосылу идеясын қолдаған видеосы тараған еді.

Ақтөбенің Ресейге қосылуын қолдаған әйел Қазақстан халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Видеода әйел президент Владимир Путинге қатысты сұраққа жауап береді. 

"Менің жеке пікірім, мен оны жақсы көремін, құрметтеймін. Менің ойымша, ол - әлемдегі ең мықты президент, адам. Көзіме жас келеді, мен оны қатты жақсы көремін және құрметтеймін", - деп жауап берді ол.

Ақтөбелік тұрғын Ақтөбе облысын Ресей Федерациясына қосу туралы референдум өтсе, бірден "оң" дауыс беретінін айтқан. 

"Видеоның кейіпкері Ақтөбенің 68 жастағы тұрғыны екені анықталды, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді облыстық полиция департаменті өкілдері.

Кейін желіде әйелдің Қазақстан халқына үндеу жасап, кешірім сұраған видеосы пайда болды.

"Қазір бүкіл желіде тарап жатқан видео үшін кешірім сұраймын. Бұл видео үшін қатты өкінемін, мен, әрине, соғысқа да, референдумға да қарсымын. Мен Қазақстанымды сүйемін, бұл - менің Отаным, бұл - менің елім, мен балаларымды осында дүниеге әкелдім, немерелерім осында дүниеге келді. Біз мұнда тұрамыз, бізде бәрі бар. Бұл видео үшін тағы да кешірім сұраймын. Өйткені мен арандатушылыққа бой алдырдым және ойланбастан жауап бердім. "Бұл бейнені кім таратса да, бұл үшін қатты өкінемін", - деді ол.