Пусанның беделді компаниялары Қазақстандағы жобаларға инвестиция салуға ниетті

Пусанның беделді компаниялары Қазақстандағы жобаларға инвестиция салуға ниетті
Сурет: Orangesmile.com

Кореяның екінші ірі қаласы қазақстандық жобаларды инвестициялайды

Бұл туралы еліміздің Кореядағы елшісі Бақыт Дүйсенбаевтың іскерлік сапары барысында белгілі болды. Қазақстандық делегацияның Пусан басшылығымен кездесуінде Қазақстанның Бас консулдығын ашу мәселесі талқыланды. Тиісті жарлыққа биыл тамыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өңірдегі ірі компаниялардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде республикамыздың инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Іскерлік топ өкілдері аяқкиім өндірісі, логистика, мұнай-химия және автомобиль құрал-жабдық бөліктері салаларында ынтымақтастық орнатуға мүдделі.

«Қазақстанды Орталық Азиядағы үлкен транзиттік мүмкіндіктері бар басты мемлекет ретінде білеміз. Біз логистикамен айналысамыз. Егер мүмкіндік болса, осы салаға инвестиция салғымыз келеді. Өйткені Кореядан Еуропаға тауарды теңізге қарағанда Қазақстан аумағы арқылы 3 есе жылдам жіберуге болады», - дейді логистика компаниясының президенті Ян Дже Сен.