Президенттің осы аптадағы жұмыс жоспары жарияланды

Президенттің осы аптадағы жұмыс жоспары жарияланды
Сурет: Akorda.kz
ҚР Президентінің баспасөз қызметі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс жоспарын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 29 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады.

Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

Ал 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.