Президент инвестициялық жобалардың цифрлық деректер базасын құруды тапсырды

Президент инвестициялық жобалардың цифрлық деректер базасын құруды тапсырды
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде инвестициялық жобалардың цифрлық деректер базасын құруды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Жалпы, Үкімет пен әкімдер инвестиция тарту бағытындағы жұмысты едәуір жандандыруы керек. Мен бұл туралы айттым, бірақ ерекше маңыздылығын ескере отырып, қайталаймын. Иә, былтыр тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі соңғы 10 жылдағы рекордтық мөлшерге жетті – 28 миллиард доллар тартылды.

Президент тартылған инвестициялардың 43%-дан астамы әдеттегідей тау-кен секторына жұмсалып отырғанын атап өтті.

«Ал өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар жалпы инвестицияның бестен бір бөлігін ғана құрады. Сондықтан бізге икемді, біздің қажеттіліктеріміз бен шынайы жағдайымызға бейімделген салық саясаты және мемлекеттік қызметшілердің ұтқырлығы мен қаржылай тазалығы керек. Инвестицияларды тартудың тиімді жүйесін құру қажет. Ең бастысы инвестициялар сіңімді болуы қажет. Шетелдік инвесторларға нақты жобаларға инвестиция салуды, дайын пакеттік шешімдерді ұсыну керек. Үкімет нақты салалардағы ірі шетелдік серіктестермен нәтижелі жұмыс істеп отыр. Бірақ бұл бағыттағы жұмсалып жатқан күш-жігерді арттыру қажет. Интерактивті инвестициялық карта құрып, әр өңірдің инвестициялық жобалары мен инвесторлары туралы деректердің цифрлық базасын іске қосу қажет», – деді Мемлекет басшысы.