Президент Астана халықаралық форумының қатысушыларына ризашылығын білдірді

Президент Астана халықаралық форумының қатысушыларына ризашылығын білдірді
Сурет: Akorda.kz

Елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр.

Оның барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Астана халықаралық форумына қош келдіңіздер! Мұнда барлық құрлықтан достарымыз бен әріптестеріміз, сондай-ақ үкіметтердің, дипломатия, бизнес және ғылыми топтардың өкілдері жиналып отыр», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент аса қадірлі қонақтарымыз – Қатар Әміріне, Қырғызстан Президентіне, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына, Өзбекстан Премьер-министріне және форумның басқа да құрметті қатысушыларына шынайы ризашылығын білдірді.

«Сіздердің осы жиынға арнайы келуге шешім қабылдап, форум жұмысына қатысқандарыңыз – біз үшін үлкен мәртебе. Жиын барысында жаһандық экономикалық және аймақтық ынтымақтастық мәселелерінің қазіргі жай-күйі жөнінде табысты пікір алмасамыз деп сенеміз», деп ниетін білдірді Қ.Тоқаев.