Астана халықаралық форумының негізгі миссиясы

Астана халықаралық форумының негізгі миссиясы Сурет: Akorda.kz

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының форумының негізгі миссиясын атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Астана халықаралық форумы – бұл диалог алаңы. Оның негізгі миссиясы мынадай:


Бірінші, әлемдегі жағдайды ашық талқылау.


Екінші, алдымызда тұрған негізгі сын-қатерлер мен дағдарысты айқындау.


Үшінші, осы сын-қатерлерге өзара ынтымақтастық рухында диалог арқылы қарсы тұру.


Төртінші, көпжақты қатынастардың ортақ мәдениетін жаңарту және қалпына келтіру.


Бесінші, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту», - деді Мемлекет басшысы форумының жалпы отырысында.


Президенттің айтуына қарағанда, бұл форум өзара белсенді ынтымақтастыққа тікелей ықпал етеді.


«Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынас өте қажет. Сын-қатерлерге төтеп беру маңызды. Осы ретте жаһандық жүйе бейбітшілік пен өркендеуді таңдаулылар үшін емес, көпшілік үшін қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Айта кетейік, елордадағы Астана халықаралы форумының жалпы отырысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.


Сонымен қатар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07