Президент «Астана» қаржы орталығының жаңа басшысына бірқатар тапсырма берді

Президент «Астана» қаржы орталығының жаңа басшысына бірқатар тапсырма берді
Сурет: Ақорда

Президентке қаржы нарығын, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты АХҚО-ның жоспары баяндалды.

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке қаржы нарығын, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты АХҚО-ның жоспары баяндалды. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Атап айтқанда, шетелден инвестиция тартуға жан-жақты атсалысуды, жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал етуді тапсырды.

Еске салсақ, 6 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Ренат Нұрмолдаұлы Бектұров «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымына тағайындалды.