Президент АҚШ компаниясымен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады

Президент АҚШ компаниясымен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Grupo Los Grobo компаниясының төрағасы Густаво Гробокопательмен және Халықаралық даму орталығы өсім зертханасының директоры, Гарвард университетінің профессоры Рикардо Хаусманмен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Grupo Los Grobo – жылдық табысы 1 миллиард доллардан асатын Латын Америкасындағы астық және соя өндіретін ірі компания.