Алматыда паратеннистен алғашқы ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Алматыда паратеннистен алғашқы ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды Сурет: Inform.kz

Арбадағы теннис әлемде кеңінен танымал


Алматы қаласында паралимпиалық теннистен бірінші рет Қазақстан чемпионаты мәресіне жетіп, алғашқы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, ел біріншілігіне Ақтөбе, Ақтау, Орал, Қарағанды, Астана және Алматы қалаларынан 40-тан астам спортшы қатысты.


Чемпионаттың ашылу рәсімінде Қазақстан теннис федерациясының (ҚТФ) атқарушы директоры Дейв Майлиге Ұлттық паралимпиалық комитеттен ҚТФ-ны жазғы паралимпиалық спорт түрі – арбадағы теннис бойынша спорттық федерация деп тану туралы сертификат тапсырылды.


Жарыс төрт жас ерекшелігіне қарай өткізіліп, мына спортшылар жүлдеге ілікті.


Ерлер 16+:


1.Дастан Ниязов (Ақтөбе)


2.Федор Старыгин (Қарағанды)


3.Евгений Быков (Қарағанды).


Қыздар 16+:


1.Айшуақ Жетпейісова (Қарағанды)


2.Айгүл Бердішева (Ақтөбе)


3.Әсел Асаубаева (Қарағанды).


Бозбалалар 14-15 жас:


1.Мадияр Байкенов (Ақтөбе)


2.Тұрарбек Марат (Орал)


3.Назар Трофимов (Ақтау).


Балалар 7-8 жас:


1.Иван Соловьев (Алматы)


2.Холид Рустамов (Астана).


Сондай-ақ астаналық Дінмұхамед Әлиакпаров «Үздік техникасы үшін», оралдық Альбина Бекжанова мен ақтөбелік Евгений Еделев «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен марапатталды.



«Арбадағы теннис әлемде кеңінен танымал. Уимблдон, АҚШ, Аустралия, Франция ашық чемпионаттары секілді «Үлкен дулыға» турнирлері бар. Өз жұлдыздары да аз емес. Қазақстандық спортшылардың солардың қатарына қосылатынына сенемін. Ең бастысы, аянбай тер төгу керек. Турнир қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, алдағы жылы Қытайда өтетін халықаралық жарысқа алғаш рет қатысатын болады», деді Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Дейв Майли.



Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде 22-орынға көтерілгенін, қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізгенін жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12