Президен сайлауы: ОСК кандидат Нұрлан Әуесбаевті тіркеді

Президен сайлауы: ОСК кандидат Нұрлан Әуесбаевті тіркеді
Сурет: Inform.kz

Қажетті қол толығымен қамтамасыз етілді

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алтыншы үміткерді тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұсынған Нұрлан Әуесбаевтің кандидатурасын тіркеу мәселесі қаралды.
ОСК мүшесі Сәбилә Мұстафинаның айтуынша, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары ҚР президенттігіне кандидатты қолдауға сенім білдірілген адамдар Қазақстанның 15 өңірінен 120 908 азаматтың қолы жиналған.

«Олардың 120 908-і түгел тексеріліп, 119 197-сі рас деп танылды. Яғни қажетті қол толығымен қамтамасыз етілді», - деді ОСК мүшесі.

ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы бірауыздан шешім қабылдады.

«Орталық сайлау комиссиясының аппаратына Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді Қазақстан Халық жинақ банкіне арнаулы уақытша шотты ашу үшін дереу жіберуді және кандидаттың тіркелгені турлы хабарды БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ бүгін Салтанат Тұрсынбекова да президент сайлауына кандидат ретінде ресми тіркелген болатын.