Алматыда Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары өтеді

Алматыда Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары өтеді
Cурет: Egemen.kz

Қазақстан U-19 қыздар құрамасының қатысуымен 2022-2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша, біздің қыздар «В» лигасының жетінші тобында Чехия және Андорра құрамаларымен бір топқа түскен еді. Ойындар Т.Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК жасөспірімдер академиясының базасында (Б.Майлин көшесі, 230А‎) өтеді. 

Жеті топтан құралған «В» лигасының командалары «А» лигасының жолдамасына таласады. Топтың жеңімпаздары жоғары дивизионға өтеді.  

«В» лигасының 7-тобының ойын кестесі (елорда уақыты көрсетілген):

05.10.2022. 14:00

Қазақстан WU-19 – Чехия WU-19 

08.10.2022. 14:00

Чехия WU-19 – Андорра WU-19 

11.10.2022. 14:00

Андорра WU-19 – Қазақстан WU-19